Railway
Train
0%
Шарттарды жасасу тәртібі

Шарттарды жасасу тәртібі

Құрметті клиенттер, cіздерді жылжымалы құрамды ұсынуға шарт жасасу тәртібімен танысуды сұраймыз

1. «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі әмбебап вагондарында (жабық вагондар, жартылай вагондар, әмбебап платформалар) жүк тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарды ұсынуға шарт жасасу:

  • Қазақстан Республикасы ішінде (республика ішіндегі қатынас) вагон операторы қызметтерін көрсетуге шартты «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының кез келгенінде жасасуға болады. Өңірлік филиалдардың байланыс телефондары>>> Тасымалды іске асыру технологиясы туралы ақпаратты сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалынан алуға болады;
  • экспорттық қатынаста вагон операторы қызметтерін көрсетуге шарт жасасу үшін алдын ала sales@kaztt.kz поштасына сұрау жолдап Астана қ. мына байланыс телефондарына 8 (717-2) 613-676, 613-675, 613-673, 613-674 хабарласуға болады.
  • республика ішіндегі қатынаста, экспорттық қатынаста және/немесе Сізге Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүктелген рейстің төлемі қажет, не Сізге транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүктелген тариф төлеміне кодтық ескертулерді ұсыну қажет, шаттл-поездардың қызметтері қажет, немесе жөнелту есебімен ставкалар сатылған болса, көліктік экспедиция қызметтерін көрсетуге шарт жасасу үшін ресми сұрауды tarif@kaztt.kz мекенжайына жолдау қажет.

2. Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін tarif@kaztt.kz мекенжайына түскен барлық сұраулар ағымдағы жұмыс күні тіркеледі. Сұрауға кіріс құжаттың нөмірі беріледі, кейін ол жауапты менеджермен іске асырылады.

3. Жауапты менеджерге қатысты жауап алу үшін Сізге «Қазтеміртранс» АҚ Call-орталығына 8 (717-2) 613-693, 613-694, 613-695,613-696 нөмірлеріне хабарласып өзіңіздің шығыс құжат нөміріңізді айту қажет, сол бойынша Call-орталығы кіріс құжат нөмірін анықтайды және Сіздің сұрауыңызға сәйкес шарт жасасу мәселесімен айналысатын менеджерге жолдайды.

4. Шарт жасасу мерзімі Клиенттің сұрауы тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күнге дейін.

 

Құрметті клиенттер, вагон операторы қызметтерін көрсету шарттарына немесе көліктік экспедиция қызметтерін көрсету шарттарына сәйкес төлем жүргізу кезінде төлемде өзіңіздің шарттың нақты нөмірін көрсетуді сұраймыз!

Сізге және Сіздің бизнесіңізге құрметпен «Қазтеміртранс» АҚ командасы

×