«Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарды Қазақстан аумағына қайтару бойынша Өзбекстан және Түркменстан аумақтарында компанияның номинациясы туралы хабарлаймыз.
Осыған орай, Орта Азия аумағы бойынша клиентпен вагондарды өздігінен қайтаруды талап ететін Өзбекстан мен Түркменстан бағытында қолданыстағы тарифтік шарттар 2019 жылғы 30 сәуірге дейін жарамды.
2019 жылғы 1 мамырдан бастап тарифтер Орта Азия бойынша бос вагонды қайтару үшін төлемі есебімен ұсынылатын болады.
Тарифтік шарттарды ұсыну барысын оңтайландыру мақсатында 2019 жылғы 1 мамырдан бастап тарифтік шарттарды ұсыну бойынша жазбаша үндеулеріңізді «Қазтеміртранс» АҚ tarif@kaztt.kz электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Құрметті клиенттер, сіздерді жүк тасымалдауға тарифтік шарттарды ұсыну тәртібімен танысуды сұраймыз
«Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі әмбебап вагондарда (жабық вагондар, жартылай вагондар, әмбебап платформалар) экспорттық қатынаста жүк тасымалдауға тарифтік ставкаларды алу үшін Сізге қажет:
1. «Қазтеміртранс» АҚ сату және тасымалды жоспарлау департаментінің директоры Э.Э. Джуматаевтың атына тіркеу шығыс нөмірімен ресми хат жолдау, онда келесі деректерді белгілеу қажет:
Жөнелту станциясы
Жолдану станциясы
Жылжымалы құрамның түрі
Жүктің толық атауы
ЕТСНГ, ГНГ (ТНВЭД) бойынша жүктің коды
Сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс деректерді көрсетуді сұраймыз.
3. Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін tarif@kaztt.kz мекенжайына түскен барлық сұраулар ағымдағы жұмыс күні тіркеледі. Сұрауға кіріс құжаттың нөмірі беріледі, кейін ол жауапты менеджермен іске асырылады.
4. Жауапты менеджерге қатысты жауап алу үшін Сізге «Қазтеміртранс» АҚ Call-орталығына 8 (717-2) 613-693, 613-694, 613-695,613-696 нөмірлеріне хабарласып өзіңіздің шығыс құжат нөміріңізді айту қажет, сол бойынша Call-орталығы кіріс құжат нөмірін анықтайды және Сіздің сұрауыңызға сәйкес ставканы есептейтін менеджерге жолдайды.
5. Ставканы есептеу мерзімі Клиенттің сұрауы тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күнге дейін.
Республика ішіндегі қатынаста вагондарды ұсынуға тарифтер өңірлік филиалдармен есептелінеді.