«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы Ssang Yong Chairman, Toyota Land Cruiser Prado, Mitsubishi Pajero Sport, Toyota Hiace маркалы 4 дана автокөліктерін сату туралы Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, сауда 2020 жылдың « 20 » « наурызында » сағат 11:00 мен 15.00 аралығында (Нұр - Сұлтан уақыты бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.
Активтерді сату «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылдың 20 қазанындағы № 18 хаттама) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлігін сату жөніндегі ережелеріне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке (ары қарай - Регламент) сәйкес өтеді.
Төмендегідей активтерге аукцион жарияланады:
№ лота
Автокөліктің атауы/маркасы
Старттық баға, тенге
Кепілдік жарна, тенге
1
Ssang Young Chairman,
7 784 034
389 201,7
2
Toyota Land Cruiser Prado
29 545 641
1 477 282,05
3
Mitsubishi Pajero Sport
13 259 781
662 989,05
4
Toyota Hiace
22 399 740
1 119 987
Саудаға қатысушыларды тіркеу веб-порталда онда хабарлама жарияланған сәттен бастап сауда басталғанға дейін екі сағат уақыт қалғанға дейін жалғасады.
Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.
Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын аударуға кеңес беріледі.
Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
саудаға қатысушының өтініші;
жеке тұлғаларға – нотариалдық куәландырылған құжат жеке куәліктің көшірмесі;
заңды тұлғаларға – нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар орыс тіліне аударылған нотариалдық куәландырылған аполтильденген құрылтай құжаттырын, саудаға қатысушы тіркелгендігін және өз елінің заңнамаларына сай қызметін жүргізіп отырғандығын салық мекемесімен расталған анықтама құжаттарын ұсынады.
Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.
Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.
Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.
Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындағы Регламенттен танысуға болады.
Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.gosreestr.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және 8 (7172) 930-473, 930-203 («Қазтеміртранс» АҚ)