Railway
Train
0%
Бірден-бір акционер

Бірден-бір акционер

«Қазтеміртранс» АҚ 100%-дық құрылтайшысы болып «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ) табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ акционерлік қоғамдарды тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатымен құрылып, оның жарғы капиталында мемлекеттің 100% қатысуымен 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық ауқаттылық Қоры» акционерлік қоғамының еншісінде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының магистралдық теміржол жүйесінің иесі болып, оны пайдалануды қамтамасыз етеді, жүк және жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырады, Қазақстаннан экспорттық жүк жалпы көлемінің едәуір бөлігін атқарады.

«Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлкеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының темір жолдары кәсіпорындарының қайта ұйымдастырылуы туралы» 1997 жылдың 31 қаңтарынан № 129 қаулысы негізінде Алматы темір жол Басқармасы, Целинная темір жол Басқармасы және Батыс Қазақстан темір жол Басқармасы сияқты үш Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қосылуы арқасында құрылған болатын. Аталмыш кәсіпорындардың қосылуы мақсаты тасымалдау процессінің басқару құрылымын оңтайландыру, артық түйіндерді жою және теміржол саласының қаржы-экономикалық сауығуы болды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» 2002 жылдың 15 наурызынан № 310 қаулысымен «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының қосылуы арқасында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

2004 жылдың 2 сәуірінде «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылдың 12 мамырынынан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ қайта тіркелуі жүргізілді.

Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының тасымалдау процессінде қызметтік тұтастықты қамтамасыз ету мен теміржол саласының басқаруына негізделген холдингтік құрылымы бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірден-бір акционері болып «Самұрық-Қазына» ұлттық ауқаттылық Қоры» АҚ табылып, бірлескен басқару жүйесін жетілдіру және бюджет мөлдірлігін қамтамасыз ету міндеттерін шешеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ оперативтік жұмысына араласпай, оның қызметін директорлар Кеңесі арқылы басқарады.

Бұнымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін 2001 жылдың 8 желтоқсанынан «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының № 266-ІІ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігі бақылайды. Аталмыш министрлік өкілетті орган ретінде теміржол көлігі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын және Қазақстан Республикасындағы көлік кешенінің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіне магистралдық теміржол жүйесі операторының қызметін атқару, жолаушылар мен жүктерді теміржол көлігі арқылы тасымалдау кіреді. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңдарымен реттелген.

Теміржол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды әрі негізгі бөлігі болып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайлары (теңізге тікелей шығыстың жоқ болуы, кеме жүретін өзендердің бар болуы), территория кеңдігі, өндірістің шикізатттық құрылымы, өндірістік күштердің орналастырылуы және автокөліктік инфрақұрылымның дамымағандығы теміржол көлігінің жалпы экономикадағы ролін төтенше маңызды етеді.

Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамып келе жатқан саласы болып табылады. Оның өндірістік және техникалық ұстанымы тұрақты өсіп, 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ туралы толығырақ ақпаратты www.railways.kz сайтынан табуға болады.

×