Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ-ның жеке меншік вагондар паркі 47 000-нан астамды құрайды. Олар жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасымалдаушы, цемент тасмалдаушы, фитингті платформалар.

«Қазтеміртранс» АҚ вагондарында  тасымалданатын тауарлардың негізгі үлесінің басым бөлігі сусымалы және құйма жүктер, олар, көмір, астық, мұнай және мұнай өнімдері, кен, минерал тыңайтқыштар болып табылады. «Қазтеміртранс» АҚ-ның жүк тасымалдау саласында бизнес серіктесі көліктік-логистика компаниялары, өндіруші зауыттар, өндіруші компаниялар, шағын және орта бизнесі болып табылады.

Компанияның қызметі жүк вагондарын жалға беру сияқты; жүк вагондарын өндіру және жоспарлы жөндеу түрлерінен өткізу; сақтау, өңдеу және металл сынықтарын сату бағыттарын қамтиды
Компанияның миссиясы Қазақстан Республикасы көлік секторының тұрақты дамуына нарықтың сапалы талабы арқылы жүк тасымалдауларын темір жолмен  қамтамасыз ету

Келешектегі даму бағыттары:

  • Жылжымалы жүк құрамының паркін жаңарту
  • Корпоративті басқару жүйесін жетілдіру
  • Әлемдік стандарттар үлгісі мен қызмет көрсету сапасына сәйкестігі

Біздің артықшылығымыз:

  • Қазақстан Республикасындағы ірі жүк вагондарының иесі(54,563 бірліктер: жабылған, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасмалдаушылар, цемент тасымалдаушылар);
  • «Қазақстан вагон жасау компаниясының» жүк вагондарын өндіретін еншілес ұйым ;
  • Қазақстанның барлық ірі қалаларында өңірлік филиалдардың желісін дамыту

 

 

 

Сенімді тасымалдау бүкіл Қазақстан бойынша
22+ Қазақстан нарығында
22 жылдан астам
  • 39 K

    Вагон паркі

  • 800

    Қызметкер Қазақстан бойынша

  • 22

    Жыл Қазақстан нарығында

  • 8 млн

    тонна жүк айына

39K

Вагон паркі

800

Қызметкер Қазақстан бойынша

22

Жыл Қазақстан нарығында

8млн

тонна жүк айына

Біздің тарихымыз

Біздің тарихымыз

2003 жыл
Компанияның құрылуы
Қазақстан Республикасының темір жол көлігін реформалау нәтижесінде «Қазжелдортранс» акционерлік қоғамы («Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) құрылды.
2005 жыл
«Қазақстан Темір Жолы Финанс» АҚ сатып алуы B. В.
«Қазтеміртранс» АҚ «Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V.» компаниясының 99,64% үлесін сатып алуы
2007 жыл
«Қазтеміртранс» болып қайта атау
ТМД және Еуропа елдерінде халықаралық қызметінің кеңейтуімен байланысты, сондай-ақ, компанияны Қазақстандық бизнес пен шетелдік нарыққа сәйкестендіру үшін«Қазжелдортранс» акционерлік қоғамын«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы деген атауға өзгерту жайында шешім қабылданды.
2013 жыл
Түгендеу паркін аудару
ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан «Қазтеміртранс» АҚ-ның басқармасына меншіктік құқығы ретінде вагондар паркінің мүліктіктерін өткізу іс-шарасын іске асыру.
2017 жыл
«Railcommerce» электронды сауда биржасында сауда жасау
2017 жылғы шілдеде тұңғыш рет «Railcommerce» электрондық сауда биржасында «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі жартылай вагондарды мүліктік жалға ұсыну қызметтеріне сауда-саттық өткізілді
2019 жыл
Сертификаттарды ұсыну
2019 жылдың тамызында «Қазтеміртранс» АҚ халықаралық сертификаттау органымен өткізілген қайта сертификаттау аудитінің қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ енгізілген ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 халықаралық стандарттардың талаптар сәйкестігіне сертификаттар табысталды.