«Қазтеміртранс» АҚ-ның қаржылық-экономикалық қызметі
Қаржылық қызмет туралы есеп беру
Қазтеміртранс» АҚ-ның Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпанынан № 234-III қаржы есебі халықаралық стандарттарға сәйкес түрде құралады және қаржылық жағдайы туралы, қызметінің нәтижелері мен компанияның қаржылық жағдайындағы өзгерістері туралы ақпараттарды қамтиды.
«Қазтеміртранс» АҚ-ның қаржылық есебі осыларды қамтиды:
қаржылық жағдай туралы есеп;
кірістер мен шығындар және басқа да жиынтық табыс туралы есеп;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
капиталдағы өзгерістер туралы есеп ;
есеп саясаты және түсіндірме жазба туралы ақпарат.
Қаржылық есептің реті мен есепке алу әдістерін жасау және оған қосымша талаптар компанияда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған. 2016-2017 жылдарына «Қазтеміртранс» АҚ-ның жылдық қаржылық есебінің аудиті халықаралық қаржы есебінің стандарттарына сәйкес «Делойт» ЖШС тәуелсіз аудиторымен өткізілді.
«Делойт» ЖШС-нің тәуелсіз аудиторларының есебінше, «Қазтеміртранс» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2017 жылдың 31 желтоқсандағы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес болып табылады. «Делойт» ЖШС аудиторлық пікірі бойынша ешқандай ескертпелер немесе теріс пікірлер жасалмады.
«Қазтеміртранс» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2017 жылығы таза шығыны 16 322 682 мың теңгені құрады, салыстыру үшін өткен жылғы таза шығын 14 987 509 мың теңгені көрсеткен еді.
«Қазтеміртранс» АҚ-ның 2017 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтар айының № 26 қаулысымен бекітілген Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну Ережесіне сәйкес Қоғамдық мүдделер ұйымдары үшін қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылған.