Railway
Train
0%
Қазтеміртранс» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазтеміртранс» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Компанияда өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің саяси қалыптасу маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарына қарсы әрекет ету мәселелерін талқылау жөнінде «Қазтеміртранс» АҚ 2017 жылдың 23 қарашасында дөңгелек үстел өткізілді. 

Кездесу «ҚТЖ»ҰК» АҚ Басқарма шешімімен бекітілген, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында өтті.

«Қазтеміртранс» АҚ Президенті Қайрат Сауырбаев, «Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан Республикасындағы вагон паркінің ірі иесі ретінде квазимемлекеттік секторының субъекті болып табылатынын атап өтті.Және сәйкесінше, жылжымалы құраммен жүк жөнелтушілерді қамтамасыз ету қызметі, оның ішінде, вагондарды жөндеуді ұйымдастыру, тауарлар мен қызметтерді сатып алуды іске асыру жалғыз акционер жағынан және мемлекет атынан Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» тұрақты бақылауында.

- «ҚТЖ»ҰК» АҚ өткізілетін бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты компания қолдайды. Сонымен бірге, «Қазтеміртранс» компания қызметкерлерінің, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды алдын алу үшін заң үстемдігін қамтамасыз етудегі барлық заңды шараларды қолданылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқауларда, өз құқықтарын қорғау мақсатында немесе лауазымды тұлғаның қызметіне сын айтуына байланысты өздерi мен отбасын қудалауға жол берілмейді, соған сәйкес шағым берген тұлғаларды қорғау туралы ережені қамтиды, - деді Қайрат Әбенұлы.

Сонымен қатар, «Қазтеміртранс» АҚ қызметі туралы ақпарат корпоративтік сайтқа орналастырылғанын және жұртшылық үшін ашық екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның аса маңызды істер жөніндегі офицері Максим Баранова өз мекемесінің жұмысы туралы әңгімелеп берді және қатысушыларға мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында оның салдарымен күресу үшін емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын ала себептерін жоюға назар аударатынын айтты.

Максим Баранов дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы ақпаратпен буклеттер таратты.

×