2004 жылы «Инженер» біліктілігімен «Вагондар» мамандығы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының электромеханикалық факультетін үздік аяқтады
2011 - 2013 жылдары «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша Қазақ көлік қатынастары университетінде оқып үздік аяқтады, техникалық ғылым магистрі дәрежесін алды. Қосымша білім алу аясында 2017 - 2018 жылдары MBA дәрежесі беріліп Alma U оқу бағдарламасын өтті.
Өз еңбек жолын «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ бастады, онда 2004 – 2005 жылдары инженер – технолог болып істеді. 2005 жылдың қазанында «ТрансРефСервис» ЖШС техникалық бөлімнің жетекші маманы болып жұмысқа ауысты.
2006 жылдан бастап 2008 жылдың қаңтар аралығында – «КазРефТрансСервис» ЖШС логистика жөніндегі менеджер;
2008 жылдың ақпан – желтоқсан айлары – «Транс Реф Сервис» ЖШС директорының жөнелту жөніндегі орынбасары;
2009 жылдың қаңтар – маусым айлары - «Транспроектсервис» ЖШС коммерциялық директоры;
2009-2010 жылдары – «Универсал Логистик» ЖШС техникалық директоры.
2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың шілдесіне дейін – «UNIVERSAL LOGISTICS» ЖШС Басқарушы директоры.
2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың мамыр аралығында «UNIVERSAL LOGISTICS» ЖШС Бас директоры лауазымында болды.
2014 жылдың маусымынан бастап - «Interlog multimodal» ЖШС Құрылтайшысы және Бас директоры.
2018 жылдың қараша айынан бастап – KIT Кәсіпкерлер ассоциациясының Құрылтайшысы және Басқарма Төрағасы.
2019 жылғы 26 наурыздан бастап «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасының (Бас директордың) міндетін атқаруға кірісті.
29.06.2019 — «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директор) лауазымына сайланды.