«Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен жазғы кезеңде 20 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
«Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен жазғы кезеңде 20 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында «Қазтеміртранс» АҚ (КТТ) вагондарымен 21,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, оның ішінде Қазақстан бойынша - 20,1 млн тоннасы, ал экспортқа - 1,5 млн тонна жүк. Жылу беру маусымына дайындық кезінде ЖЭО мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін КТТ паркі 12 млн тоннадан астам көмір тасымалдады. Елдің батыс өңіріне мемлекеттік маңызы бар автожолдарды салу және реконструкциялау үшін КТТ вагондарымен 1 млн тоннадан астам қиыршық тас жеткізілді.
Негізінен «Қазтеміртранс» АҚ вагондарында көмір, астық, ұн және ұнтақ өнімдері, кен, минералды тыңайтқыштар және цемент сияқты жаппай сусымалы жүктер тасымалданады.