Railway
Train
0%
«Қазтеміртранс» АҚ заң қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының заң қызметтері қызметкерлерінің форумында үздік деп танылды

«Қазтеміртранс» АҚ заң қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының заң қызметтері қызметкерлерінің форумында үздік деп танылды

2023 жылғы 8-9 қыркүйек аралығында «Қазтеміртранс» АҚ заңгерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының заң қызметкерлерінің форумына (бұдан әрі – Форум) қатысты.

Форумның алғашқы күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы кеңесінің отырысынан басталды. Шараны ғылыми қоғамдастық өкілдері және корпоративтік құқық бойынша практика заңгерлері Ф. С. Карагусов, А. К. Қалдыбаев және А. Бердалин жүргізді.

Форумның екінші күні Reed Smith LLP халықаралық заң фирмасының ағылшын құқығының ерекшеліктері бойынша серіктесі Дэрил Кью және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы бойынша А.Т. Айтжанов сөз сөйледі. Форумды «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі спикерлері А. Ақтау, И. Б. Ерназаров, А. К. Заева және У. С. Уаисов заң қызметін трансформациялау тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының заңгерлері арасында 2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының құқықтары мен мүдделерін қорғау, корпоративтік басқару, шарттық және сатып алу қызметінің құқықтық сараптамасы саласында, сондай-ақ нормативтік-құқықтық жұмыс және әдіснамалар саласында үздік заңгерлер атағына номинациялар бойынша конкурс нәтижелері шығарылды.

«Қазтеміртранс» АҚ заңгерлері төрт номинацияның үш номинациясын иеленді:

Сеилова Динара Мұхтарқызы - компанияның құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы үздік заңгер;

Әбілқайырова Айнұр Қойшыбайқызы - корпоративтік басқару саласындағы үздік заңгер;

Қаскенов Мақсат Дәулетханұлы - шарттық және сатып алу қызметін құқықтық сараптау саласындағы үздік заңгер.

Сонымен қатар, «Қазтеміртранс» АҚ Ақмола филиалының заң бөлімі үздік өңірлік заң қызметтерінің қатарында бола отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша адал еңбегі мен жұмысына қосқан үлестері үшін атап өтілді.

Жеңімпаздарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Е. Сауранбаевтың және «ҚТЖ» ҰК» АҚ заң қызметінің басшысы А. А. Смолинаның алғыс хаттары табыс етілді.

Осылайша, «Қазтеміртранс» АҚ заң қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ заң қызметінің басшылығымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының үздік Заң қызметі деп танылды.

 «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі

×