Құрметті теміржолшы ардагерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті
«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салудың жақсы дәстүрі бар. Осыған орай дәстүр бойынша компанияның бас бухгалтері Мейрамалы Нүскенұлы Узенбаевты лайықты демалысқа жіберілді.
Узенбаев өмірінің ең жақсы жылдарын теміржол саласында еңбек етуге арнады. Ол өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, жас жұмысшыларға әрқашан үлгі болды. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірнеше рет наградалармен, грамоталармен және «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.
Мейрамалы Нүскенұлы еңбек жолын 1981 жылы Алматы темір жолының Шу бөлімшесінде бақылаушы-инспектор болып бастады. Мейрамалы Нүскенұлы осы бөлімде 15 жыл түрлі қызметте еңбек етті. 1996 жылдан 2002 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының есеп бөлімінің орынбасары және меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Узенбаев 2002 жылы «Жүк тасымалы» мемлекеттік кәсіпорнының бас есепшісі, кейін 2002-2004 жж. еңбек жолын «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғастырды. Мейрамалы Нүскенұлы «Қазтеміртранс» АҚ-да Компания құрылған күннен бастап еңбек етіп келеді. Узенбаев көп жылғы қызметінде көп еңбегі сіңген, мол тәжірибесі бар, орасан кәсіби қасиеттерді жинақтаған тұлға.
«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Әбенұлы Сауырбаев бүкіл ұжым атынан және жеке өз атынан жылы лебізін білдірді. Ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ардагерге алғыс, құрмет сөздер айтылды. Сөз алған әріптестері Мейрамалы Нүскенұлының кәсіби шеберлігін, қайраттылығын, даналығын, белсенді өмірлік ұстанымын тілге тиек етті.
Жиын соңында Мейрамалы Нүскенұлына өз тарапынан бірге қызмет еткен әріптестеріне ризашылығын білдірді.