«Қазтеміртранс» АҚ-ның 20 жылдығына орай өткен салтанатты жиында теміржол саласының дамуына үлес қосқан 30-дан астам сала ардагерлері атап өтілді. Қатысушыларды қарсы алған «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Саурбаев зейнеткерлерге компанияның табысқа жетуіне себепші болған кәсіпқойлығы мен адалдықтары үшін алғысын білдірді.
– Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған компаниямыздың жұмысының бастауында тұрып, іргетасын қаладыңыздар. Бүгінгі таңда «Қазтеміртранс» толық қуатында жұмыс істеп, ҚТЖ мен еліміздің экономикасына кіріс әкеліп, жылжымалы құраммен тасымалдау қажеттілігінің 50%-ға жуығын қанағаттандыруда. Компанияның бір бөлігі болғандарыңызды есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Сіздерге денсаулық, бақыт және өркендеу тілейміз», - деді Қайрат Саурбаев.
Бұл күні теміржол жүйесінде ұзақ жылдар еңбек еткен 30-ға жуық ардагер алғыс хаттармен және «Қазтеміртранс» АҚ 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
– Бүкіл өмірімді өндіріске арнадым – 18 жасымнан 2006 жылы зейнеткерлікке шыққанша теміржолда еңбек еттім. Мен бұл кезді және әріптестерімді әрқашан жылы лебізбен еске аламын. Мен жақсы адамдармен жұмыс істедім. Аға ұрпаққа қамқорлық көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл біз үшін көңіл қуантарлық жәйт», - деп бөлісті теміржолшы Любовь Засадская.
Еңбек жолын таразышы болып бастады, көп жылдар бойы жүк және багаж қабылдаушы, жүк конторасының бастығы, Астана стансасы бастығының орынбасары, жол бөлімінде, қаржы қызметі бастығының орынбасары, талап-арыздар бөлімінде жұмыс істеді. Ал ҚТТ-да жүк тасымалы бойынша елді мекендер бөлімінің бастығы болды.
Марапаттау рәсіміне келген қонақтарға мерекелік ас әзірленді. Ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, компанияның 20 жылдағы жетістіктерін жоғары бағалады.