"Қазтеміртранс" АҚ жылжымалы құрам паркі жаңа жартылай вагондармен толықты
«Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарының жалпы паркі 50 жаңа отандық жартылай вагонға ұлғайды. Жаңа техниканы қазақстандық вагон құрастыру компаниясы (КВК) (Екібастұз қ.) дайындады. Вагондар барлық заманауи талаптарға жауап береді және қажетті техникалық сипаттамаларға ие. Вагонның жүк көтергіштігі 70 тоннаны құрайды. Жартылай вагондарда Кеден одағы үлгісінің сәйкестік сертификаты болады.
«Қазтеміртранс» АҚ Бас директорының орынбасары Тәңірберген Құсайыновтың айтуынша, жартылай вагондар әлеуметтік маңызы бар жүктерді (құрылыс материалдары, көмір, астық және т.б.) тасымалдауға тартылатын болады.
«Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарының паркін кезең-кезеңімен жаңартып отырады. Соңғы онжылдықта 25 мыңнан астам вагон сатып алынды. 2025 жылға дейін тағы 3 мыңға жуық жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.