Railway
Train
0%
«Қазтеміртранс» АҚ 12 мыңнан астам жүк вагонын жөндеді

«Қазтеміртранс» АҚ 12 мыңнан астам жүк вагонын жөндеді

Ағымдағы жылдың 11 айында «Қазтеміртранс» АҚ паркінің 12 мыңнан астам жүк вагоны жөндеудің барлық түрімен қамтылды. Оның ішінде 2,6 мың жүк вагоны күрделі жөндеуден өткізілді.  2,1 мыңнан астам жүк вагондарының қызмет ету мерзімі ұзартылды. Жыл соңына дейін 1,2 мыңнан астам жүк вагонын жөндеу жоспарланған. 

«Қазтеміртранс» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Тәңірберген Құсайыновтың айтуынша, вагон паркінің жай-күйін ескере отырып, жыл сайын мерзімді жөндеуге қажеттілік жоспары бекітіледі.

«Пайдаланудағы вагон паркінің техникалық жай - күйі вагондардың сенімділігімен, жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасымен және басқа да сипаттамаларымен анықталады», - деп атап өтті Т.Құсайынов.

 

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі

×