Railway
Train
0%
«Қазтеміртранс» АҚ: Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

«Қазтеміртранс» АҚ: Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

«Қазтеміртранс» АҚ-да серіктестік ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында жиын өтті. Отырыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қазтеміртранс» АҚ бас директоры және ҚТТ құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты – теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмау.

Жиын барысында теміржолшыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ауыздықтау бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Теміржолшыларды сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне мүлдем төзбеуге, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы арнайы органдарға дереу хабарлауға шақырылды.

 

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі

×