«Қазтеміртранс» АҚ Бас директоры жаңа жыл мерекесімен құттықтады!
Құрметті отандастар!
Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл біздің компания үшін маңызды әрі жемісті болды. Біз Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін ел экономикасының негізгі және тұрақты элементі екенін тағы бір рет көрсеттік.
2023 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы көлемінің өсуіне өз септігімізді тигіздік. Жүк вагондарын күрделі және деполық жөндеу жұмыстарын орындадық. Вагон паркін жаңа вагондармен жаңартып жатырмыз. «Қазтеміртранс» АҚ компаниясы теміржол саласындағы өз міндеттемелерін орындады.
2024 жылы біз тасымал қызметін сапалы, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, темір жол саласын дамыту мақсатында алға қойған міндеттемелерімізді орындауымыз қажет.
Теміржол саласы мен Қазақстан экономикасының игілігі үшін мәселелерді оңтайлы шешуге толық мүмкіндігіміз бар екендігіне сенімдімін.
Сіздерге және отбасыларыңызға бар жақсылық пен ашық аспан әрі ең асыл армандарыңыздың орындалуына тілектеспін!