Railway
Train
0%
«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы К. Саурбаевтың 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы К. Саурбаевтың 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті әйелдер!

“Қазтеміртранс” АҚ атынан Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздердің әрқайсыларыңыз бірегей және біздің компанияның ұжымы осының жарқын дәлелі. Жоғары кәсібилігтеріңіз бен таңдаған істеріңізге адал қызмет етулеріңіздің арқасында біздің Компания сенімді түрде дамып, теміржол саласында жетекші орынға ие. Біздің компанияның әйелдері талантты, әрі үнемі кемелдікке ұмтылып еңбекқорлықтарымен қуантуда. Аяулы аруларымыздың осы күнге дейінгі жетістіктері болмаса, “Қазтеміртранс” АҚ біз мақтан тұтатын жоғары нәтижелерге ешқашан қол жеткізе алмас еді.

Құрметті ханымдар, сіздердің өмірлеріңіздегі әр күндеріңіз жарқын әрі жағымды сәттерге толы болсын.

Сіздерге денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен махаббат тілейміз! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
“Қазтеміртранс”АҚ
Бас директоры 

Саурбаев К.А.

×