Railway
Train
0%
САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 02 мамыр сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін өтетін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының өтімді емес санатқа жатқызылған тауарлық-материалдық қорлардын бағасын көтеру бойынша сату Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, (Астана уақыты бойынша) www.qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 12 маусымдағы №02/19 хаттама ) бекітілген талап етілмеген өтімді және өтімсіз тауар – материалдық қорларды басқару жөніндегі әдістемесіне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы  №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке  (ары қарай - Регламент) сәйкес жүзеге асырылады.

Төмендегідей өтімді емес санатқа жатқызылған тауарлық-материалдық қорларға аукцион жарияланады:

1-лот – бүйір рама 100.00.020-0,100.00.020-3сб (18-100 үлгісіндегі немесе 2 типтегі ГОСТ 9246 арбаларға арналған) 80 дана, бастапқы бағасы 28 853 888 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 4 328 084 теңге, ҚҚС-мен, орналасқан жері: Шымкент қ., Микрорайон МПС, 47/3;

2-лот – бүйір рама QCZ156XL-20-00 (18-100 үлгісіндегі немесе 2 типтегі ГОСТ 9246 арбаларға арналған) 2 дана, бастапқы бағасы 721 347,2 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 108 203 теңге, ҚҚС-мен, орналасқан жері: Тараз қ., Тынышбаева көшесі, 2в;

3-лот – рессор үсті арқалығы QCZ156XL-40-00,0 (18-100 үлгісіндегі немесе 2 типтегі ГОСТ 9246 арбаларға арналған) 1 дана, бастапқы бағасы 286 944 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 43 042 теңге, ҚҚС-мен, орналасқан жері: Тараз қ., Тынышбаева көшесі, 2в;

4-лот – бүйір рама 100.00.020-0,100.00.020-3сб (18-100 үлгісіндегі немесе 2 типтегі ГОСТ 9246 арбаларға арналған) 173 дана, бастапқы бағасы 62 396 532,8 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 9 359 480 теңге, ҚҚС-мен, орналасқан жері: Арыс қ., Зилгараева көшесі, 1;

5-лот – бүйір рама 100.00.020-0,100.00.020-3сб (18-100 үлгісіндегі немесе 2 типтегі ГОСТ 9246 арбаларға арналған) 17 дана, бастапқы бағасы 7 014 421 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 1 052 164 теңге, ҚҚС-мен, орналасқан жері: Арыс қ, Зилгараева көшесі, 1.

Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін:  бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындағы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.e-qazyna.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және +7 747 702 28 78 («Қазтеміртранс» АҚ)

×