Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппаратында «Табиғаттың көркемдігі – біздің қолымызда» тақырыбында балалар сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Қоғам қызметкерлерінің 10 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатысты. Барлығы 7 қызметкерден 12 сурет қабылданды.

Барлық жұмыстар Техникалық саясат департаментіне тапсырылып, 2025 жылғы 2 маусымда Қоғамның ресми Instagram парақшасында (@kaztemirtrans) жарияланды. Жеңімпаздар ашық дауыс беру арқылы анықталды.

Дауыс беру нәтижесінде:

  • 1 орын – Тайтолеуов Досжан;

  • 2 орын – Касымова Наргиз;

  • 3 орын – Бегижанова Айзара ие болды.

2025 жылғы 4 маусымда Орталық аппараттың Кәсіподақ комитеті бөлген қаражат есебінен жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан қалған 9 бала да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Қазтеміртранс» АҚ барлық қатысушылар мен олардың ата-аналарына алғыс білдіре отырып, осындай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.