Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ өтімді емес және талап етілмеген өтімділікке жатқызылған, тауар материалдық қорларды сату жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылдың 30 қантарда № 1 хаттамасына 4 қосымша

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін өтетін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының өтімді емес және талап етілмеген өтімділікке жатқызылған тауарлық-материалдық қорлардын бағасын көтеру бойынша сату Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, (Астана уақыты бойынша) www.qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 12 маусымдағы №02/19 хаттама ) бекітілген талап етілмеген өтімді және өтімсіз тауар – материалдық қорларды басқару жөніндегі әдістемесіне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы  №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке  (ары қарай - Регламент) сәйкес жүзеге асырылады.

Төмендегідей өтімді емес санатқа жатқызылған тауарлық-материалдық қорларға аукцион жарияланады:

Лот №1: «А-Стаки» жобасы бойынша тозуға төзімді элементтер жиынтығы, 0 - 58 дана, бастапқы бағасы 25 461 324,44 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 3 819 199 теңге, орналасқан жері: Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Вокзальная көшесі, 2/5В үй;

Лот №2: Кронштейн ГОСТ 22703-2012, 0 - 177 дана, бастапқы бағасы 394 141,04 теңге, ҚҚС-мен, кепілдік жарнасы 59 122 теңге, орналасқан жері: Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Вокзальная көшесі, 2/5В үй.

Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ226018871000394291, КНП 857, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін:  бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Әрбір сатылған объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасымен рәсімделіп, аукцион өткізілген күні сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталында қол қойылады.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындағы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.e-qazyna.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және +7 747 702 28 78 («Қазтеміртранс» АҚ).