Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ қозғалыстың операциялық қауіпсіздігін дамыту мәселелеріне тұрақты түрде ерекше назар аударады.

«Қазтеміртранс» АҚ – Қазақстан Республикасындағы жүк вагондары паркінің ең ірі операторы. Компанияның меншікті жүк вагондары паркі 39,6 мың бірліктен асады.

Жүк тасымалы қызметтерін сапалы көрсету үшін вагон паркін толықтыру және оның техникалық тұрғыдан жарамды күйін қамтамасыз ету маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Бұл бағыт қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің және тасымалдау процесінің үздіксіздігін сақтаудың негізі болып саналады.

Шығып қалған вагон паркін толықтыру мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ 2023–2025 жылдар аралығында «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-де өндірілген 3 000 жартылай вагон сатып алды.

2026 жылы «Қазтеміртранс» АҚ 12,5 мың вагонды деполық және күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Қоғам тарапынан пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс өндірістік қызметтің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

2025–2026 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы қозғалыстың операциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениеті қағидаттарын қалыптастыру және қолдау бағытындағы жұмыстардың 2026 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының келесі қызметкерлері ерекше көзге түсті:

  1. Соловьева Ольга Леонидовна – Қоғамның Павлодар филиалы өндірістік секторының бастығы.
  2. Сагимбекова Толкын Кендебайевна – Қарағанды филиалының Қарағанды станциясындағы вагон паркі бөлімінің бастығы.
  3. Советханова Айгерим Бакыттыгазыевна – Семей филиалы өндірістік секторының жетекші инженері.

Аталған қызметкерлер қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысады, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетеді.