Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ сату жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылдың 07 қазандағы №11 хаттамасына 4 қосымша

 

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы 2026 жылғы 27 қазанда сағат 10:00-ден бастап өтетін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлкін сату бағасын төмендету бойынша сату Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, (Астана уақыты бойынша) www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.

Активтерді сату «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылдың 20 қазанындағы № 18 хаттама) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлігін сату жөніндегі ережелеріне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке (ары қарай - Регламент) сәйкес өтеді.

Төмендегідей активтерге аукцион жарияланады:

1 Лот - жабық вагондар 18 дана, басты бағасы 109 290 488 теңге, ҚҚС-пен, ең төменгі баға 36 430 163 теңге, кепілдік жарна 5 464 525 теңге, орналасқан жері: Павлодар облысы, Павлодар-Южный станциясы;

2 Лот - жабық вагондар 11 дана, басты бағасы 68 404 838 теңге, ҚҚС-пен, ең төменгі баға 22 801 613 теңге, кепілдік жарна 3 420 242 теңге, орналасқан жері: Абай облысы, Жаңа-Семей станциясы;

4 Лот - жабық вагондар 20 дана, басты бағасы 124 229 475 теңге, ҚҚС-пен, ең төменгі баға 41 409 825 теңге, кепілдік жарна 6 211 474 теңге, орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Пойма станциясы;

13 Лот - астық тасығыштар 12 дана, оның ішінде: Түркістан облысы, Арыс-1 станциясы – 7 дана, Павлодар облысы, Павлодар-Южный станциясы – 4 дана, Абай облысы, Жаңа-Семей станциясы – 1 дана, басты бағасы 137 025 000  теңге, ҚҚС-пен, ең төменгі баға 45 675 000 теңге, кепілдік жарна 6 851 250  теңге.

Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ226018871000394291, КНП 857, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін:  бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Әрбір сатылған объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасымен рәсімделіп, аукцион өткізілген күні сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталында қол қойылады.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен www.e-qazyna.kz сайтындағы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.e-qazyna.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81, 95-54-89, 95-54-88 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және +7 747 702 28 78 («Қазтеміртранс» АҚ).