Railway
Train
0%
Жартылай вагондарды деполық жөндеуден өткізу мерзімі ұзартылды

Жартылай вагондарды деполық жөндеуден өткізу мерзімі ұзартылды

Жартылай вагондарды деполық жөндеуден өткізу мерзімі ұзартылды

           «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТТ» АҚ) бизнесті басқарудың, оның ішінде вагондарға техникалық қызмет көрсетудің (ТҚК) заманауи трендтерін үнемі енгізіп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша тәжірибеде алғаш рет 12-9920, 12-9941 үлгісіндегі вагондар енгізілгені атап өтілді.

Басқарушы құжаттарға сәйкес регламенттік жұмыстарды орындай отырып 169 вагонға техникалық қызмет көрсету сәтті жүргізілді. Бұл ретте, жартылай вагондарға техникалық қызмет көрсету – жылжымалы құрамды жұмысқа жарамды күйде ұстауға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-қимылдар жиынтығы.

 Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімділігінің нормативі жөндеудің соңғы жоспарлы түрінен кейін 4 жыл немесе 300 мың км жүрісті құрайды. Инновациялық ТҚК нәтижесінде деполық жөндеуді жүргізу мерзімі ұлғайтылды. Қазір ол 8 жылды құрайды.

ТҚК-дің жұмыс көлемі нақты жай-күйіне байланысты жекелеген құрамдас бөліктерді тораптық жөндеуді көздейді және кепілдік мерзімі 8 жыл пайдаланудан кейін аяқталатын вагонның құрамдас бөліктеріне әсер етпейді.

Бұл тәсіл, ең алдымен, процестердің нәтижелеріне назар аударуға және уақыт пен материалдық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

×