Railway
Train
0%
«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ 12-9920, 12-9941 ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ ВАГОНДАРҒА АЛҒАШ РЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ 12-9920, 12-9941 ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ ВАГОНДАРҒА АЛҒАШ РЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ 12-9920, 12-9941 ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ ВАГОНДАРҒА АЛҒАШ РЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарын жөндеу өндірістік бағдарламасын 100% орындады. Жөндеу түрлері бойынша: депо жөндеу бойынша жоспарланған 7 625 вагон 100% жөндеуден өтті, күрделі жөндеу бойынша 641 вагон жоспарланып, іс жүзінде 658 вагон  жөндеуден өтті (102%). Жоспар бойынша 40 бірлік вагонның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатындағы деполық жөндеу 100% орындалды.

2022 жылы ҚХР Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы өндірген вагондардың техникалық жай-күйін қалыпты ұстау мақсатында жөндеу аралық кезеңінде (8 жыл) алғаш рет 169 бірлік көлемінде вагондарға (ТҚК) техникалық қызмет көрсетілді.

«8 жылға тең жөндеу аралық кезеңінің, яғни 4 жылдан кейін біз қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін вагондарға техникалық қызмет көрсетеміз. Вагон бойынша негізгі бөліктерге, проф. бөлшектерге тексеру жүргізіледі, олардан вагонда техникалық бұйымдар ауыстырылады, экипаж бөлігі – барлығы депода тексеріледі, депо жөндеу кезіндегідей таңбалар қойылады және вагон тағы 4 жыл қызмет көрсетеді», – деді «Қазтеміртранс» АҚ бас инженері Нұрлан Жүсіпов.

×