«Қазтеміртранс» АҚ 2022 жылы жоюға 30 кг астам батарея тапсырды
«Қазтеміртранс» АҚ 2022 жылы жоюға 30 кг астам батарея тапсырды
«Батареяны тапсыр да, кірпіні құтқар!» экологиялық жобасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен қатар барлық еншілес ұйымдары да белсенді қатысуда. Акция аясында компаниялар тобының барлық кеңселерінде қызмет ету мерзімі біткен батареяларды жинауға арналған контейнерлер орнатылған. Өткен жылы «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері 31,8 кг батарея жинап, арнайы жоятын ұйымдарға тапсырды.
«Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізіледі. Техникалық сабақтарда біз қызметкерлерге қайта өңдеу және кәдеге жарату қажеттілігі, сондай-ақ батарея құрамының қауіптілігі туралы айтамыз. Көптеген жұмысшылар белсенді қатысып, табиғатты қорғауға үлес қосуда», – дейді «Қазтеміртранс» АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік тобындағылар.
Бір батареяның өзі адам мен табиғат үшін үлкен қауіптің көзі болып табылады, ол 100 жыл бойы ыдырайды. Оның құрамында 400 литр суды, 20 шаршы метр жерді ластайтын ауыр металдар бар. Ол екі ағаштың, екі көртышқанның, бір кірпінің және бірнеше мың жауын құртының тіршілік ету ортасы. Әлемде жыл сайын 20 млрд астам батарея өндіріледі. Бұл шамамен 5000 футбол алаңының аумағын қамтуы мүмкін немесе Ұлы Қытай қабырғасының 114-ке көбейтілген ұзындығына тең.