«Қазтеміртранс» АҚ вагон паркінің өнімділігін арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізуде
«Қазтеміртранс» АҚ вагон паркінің өнімділігін арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізуде
«Қазтеміртранс» АҚ-да 2023 жыл басынан бері 3000-нан астам вагон жоспарлы жөндеуден өтті.
Бүгінгі таңда жұмыс паркі вагондарының санын арттыру мақсатында қосымша сервистік қызметке өткізу арқылы вагондарды жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, вагондарды ағытып жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, депо жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.
Вагондардың өнімділігін арттыруға вагонның айналымы да әсер етеді, ол өз кезегінде жүк жөнелтушінің тиеу/түсіру уақытына, Қазақстан аумағы бойынша пойыздардың қозғалыс жылдамдығына, сондай-ақ тасымалдаушыда маневрлік локомотивтердің болуына байланысты.
Айналымды оңтайландыру үшін Компанияда мына шаралар жүргізілуде:
Вагондар айналымын, оның ішінде жүк операциялары кезінде вагондардың жүру және тоқтап қалу жолында бақылау арқылы вагондар паркін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Тасымалдарды бағыттау;
Кері және ілеспе тиеуді ескере отырып, логистикалық схемаларды құру;
«Айналымы төмен» маршруттарда паркті пайдалану бойынша уақтылы шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету: айналым көрсеткіштерін жақсарту, пайдалану мөлшерлемесін ұлғайту не тасымалдаудан бас тарту сияқты басқа да іс-шаралар;
Вагондар айналымын сақтау есебінен жоспарланған деңгейде тасымалдардан табыс алуды қамтамасыз ету.
Компания жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде қамтамасыз ету жөнінде жүйелі түрде шаралар қабылдайды. Бұл сапалы қызметтерді уақтылы ұсынуға мүмкіндік береді.