Railway
Train
0%
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің профилактикалық департаментінің қарамағындағы ҚАЖ тергеу изоляторларына экскурсия

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің профилактикалық департаментінің қарамағындағы ҚАЖ тергеу изоляторларына экскурсия

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс аясында Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің профилактикалық бөлімі ҚАЖ тергеу изоляторларына экскурсия жүргізді. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Экскурсияға «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жоғары қызығушылық танытып, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдықты арттыруға деген ұмтылысты көрсетті.

Компанияның бұл іс-шараға қатысуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі принципті ұстанатындығы және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиісті органдармен белсенді ынтымақтасуға дайын екендіктерін көрсетеді.

Компания өз кезегінде осы маңызды мақсатқа жету үшін барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, мемлекеттік басқарудағы тазалық пен ашықтықты қамтамасыз ету жолындағы жұмысымызды жалғастыратындықтарын атап өтті.

×