«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) Директорлар кеңесі № 7 күндізгі отырыста «Қазтеміртран» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамының өкілеттік мерзімін 3 (үш) жылға белгілеу туралы шешім қабылдады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жарғысының ережелеріне және еншілес ұйымдармен басқару және өзара іс-қимыл жөніндегі бекітілген саясатқа сәйкес ШЕШІМ ұсынылған материалдар мен Директорлар кеңесінің тағайындаулары мен сыйақылары жөніндегі комитеттің ұсынымдары негізінде қабылданды.
«Қазтеміртранс» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына мынадай мүшелер кіреді:
- Дүзбаева Мейрамқұл Алтынбекқызы - Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі;
- Урынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы;
- Байтамаева Зерделі Байтұрсынқызы;
- Ерназаров Ілияс Бақытжанұлы;
- Оразбеков Марат Жаңабергенұлы - тәуелсіз директор;
- Абельсеитова Светлана Капиятқызы - тәуелсіз директор;
- Хегай Виктор Николаевич - тәуелсіз директор.
Жаңа құрам үздік корпоративтік тәжірибелер мен «Қазтеміртранс» АҚ қызметін одан әрі дамыту мақсаттарын ескере отырып сайланды. Аталған шешім 2024 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

