13–14 қарашада Астанада Астанада өткен «Сапа мен тәуекелдерді тиімді басқару» атты жыл сайынғы конференцияға сапа саласының мамандары, мемлекеттік органдар, бизнес және өндіріс өкілдері қатысты. Іс-шараны «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы ұйымдастырды.
«Қазтеміртранс» АҚ жетістіктері мойындалды
Конференция қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ 98 теміржол және өнеркәсіптік компаниялардың ішінде Интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) тиімді енгізіп, үздіксіз жетілдіріп отырған ұйым ретінде белгіленді.
Компания тұрақты жақсартуға ұмтылуы, ескертулерді уақтылы жоюы және тиімді бизнес-процестерді қалыптастыруы үшін марапатталды.
Бас директорға құрметті марапат
«Қазтеміртранс» АҚ бас директоры Александр Сергеевич Ширяев Қазақстандағы сапа мәдениетін дамытуға қосқан үлесі және кәсіби жетістіктері үшін «Сапа көшбасшысы – 2025» дипломы мен естелік мүсіншесін алды.
Компания ұйымдастырушыларға жоғары баға үшін, сондай-ақ өз командасына — сапа мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.

