Railway
Train
0%
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ESG рейтингін қолдау шеңберінде «ҚТТ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен топ-менеджерлері үшін корпоративтік басқару және тұрақты даму бойынша семинар өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ESG рейтингін қолдау шеңберінде «ҚТТ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен топ-менеджерлері үшін корпоративтік басқару және тұрақты даму бойынша семинар өтті.

2024 жылғы 5-6 қарашада СБА «Корпоративтік басқару. Тұрақты даму» «ҚТТ» АҚ Директорлар кеңесі, Басқарма мүшелері, комплаенс және корпоративтік хатшыға арналған семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар компанияның күнделікті тәжірибесіне озық стандарттарды енгізу бойынша практикалық білімдер мен құралдар алды, корпоративтік басқарудағы озық тәжірибелерді енгізу, тәуекелдерді бағалау және нормативтік талаптардың сақталуына қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Корпоративтік стратегияның маңызды элементіне айналып отырған ESG тәсілдеріне және оларды компанияның бизнес-процестеріне біріктіруге ерекше назар аударылды.

«Компания басшылығы мен негізгі қызметкерлерін оқыту «ҚТТ» АҚ тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Менеджменттің соңғы тәсілдерін меңгеру, ESG қағидаттарын енгізу және комплаенс мәдениетін күшейту бізге халықаралық стандарттарға сәйкес келуге ғана емес, сонымен қатар жауапты және ашық бизнесті дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді «Қазтеміртранс» АҚ бас директоры Кайрат Саурбаев.

Сонымен қатар, «ҚТТ» АҚ Корпоративтік басқаруды жетілдірудің кешенді жоспары аясында экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік факторлар мен басқарудың ашықтығы саласындағы корпоративтік басқаруды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.

×