Railway
Train
0%
Сауда жайлы ескертпе

Сауда жайлы ескертпе

«Қазтеміртранс» АҚ сату жөніндегі Комиссия отырысының 2024 жылдың _________________ №______ хаттамасына 3 қосымша

Сауда жайлы ескертпе

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы 2024 жылғы 4 маусым сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін өтетін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлкін сату бағасын көтеру бойынша сату Аукцион түрінде электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды, (Астана уақыты бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.

Активтерді сату «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылдың 20 қазанындағы № 18 хаттама) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлігін сату жөніндегі ережелеріне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке (ары қарай - Регламент) сәйкес өтеді.

Төмендегідей активтерге аукцион жарияланады:

№ лота

 Атауы (саны)

Орналасқан жері

Бастапқы баға

Кепілдік жарна

1

Бүйірлік рама (1150 дана),

Рессор үсті арқалығы (904 дана)

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, өндірістік база

ст. Сарыөзек

1 110 538 714

110 760 000

2

Жинақтағы автотіркеме (2382 дана)

254 911 367

38 236 706

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Тізілім веб порталында сауда-саттықтарға қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарламаның жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындағы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.gosreestr.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және +7 747 702 28 78 («Қазтеміртранс» АҚ, Астана қ., Кунаева 10).

×