Railway
Train
0%
Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатынас түрлері бойынша вагон операторы, көлік экспедициясы қызметтері бойынша келісімшарттарды қалай және қай жерде жасасуға болады?

Жүк қатынастарының барлық түрлерінде жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметтер (платформалар, жартылай вагондар, астық таситын вагондар, цемент таситын вагондар) туралы келісімшарттарды «Қазтеміртранс» АҚ ресми сайтында https://cabinet.kaztt.kz/ жеке кабинет бойынша электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы келісімшарт жасалады.

«Қазтеміртранс» АҚ қандай қызметтерді іске асырады?

«Қазтеміртранс» АҚ келесі қызметтерді жүзеге асырады:

 - «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі әмбебап паркі вагондарын (жабық вагондар, жартылай вагондар, әмбебап платформалар, астық таситын вагондар,  цемент таситын вагондар) тасымалдауды ұсыну бойынша;

- жүк қатынастарының барлық түрлерінде темір жол тасымалдау төлемдерін төлеу;

- жүк вагондарын жалға беру бойынша.

Вагон операторы қызметтерін көрсетуге келісімшарт жасасуға қатысты толық ақпаратты қалай білуге болады?

Сіз келісімшарттар жасасу тәртібімен, келісімшарттардың стандартты нұсқаларымен біздің www.qaztt.kz веб-сайтындағы вагон операторының қызмет көрсету бөлімінде және де келесі телефондар арқылы таныса аласыз:

+7 (771) 933-30-33

+7 (7172)-93-03-00

Жүкті тасымалдауға байланысты қызмет көрсету келісімшарттарын жасау бойынша өтінімдерді қандай мекен-жайға жіберу қажет?

Сіз келісімшарттар жасасу тәртібімен, келісімшарттардың стандартты нұсқаларымен біздің www.qaztt.kz  веб-сайтындағы вагон операторының қызмет көрсету бөлімінде таныса аласыз.

Келісімшарттар жасасуға өтінімдер ресми түрде деректемелерін көрсете отырып, сондай-ақ құрылтай құжаттарын (тізімге сәйкес) қоса бере отырып электрондық поштаға  (mahimova_n@kaztt.kz dogovor3@kaztt.kz) жіберу жолымен қабылданады немесе өңірлік филиалдарға хабарласу арқылы жүзеге асырылады.

Жүк вагондарының операторына қызмет көрсету мерзімі?

Тасымалдауға келісімшарт жасасу (типтік келісімшарт) - 3 жұмыс күні (келіспеушіліктер болған жағдайда)

Өтінімдерді өңдеу:

  • тасымалдауға жарамды келісімшарт болмаған кезде тарифтік жағдайларды есептеу үшін - 2 жұмыс күні
  • 50 маршрутты тасымалдауға өтінімге қызмет көрсету аясында тарифтік жағдайларды есептеу үшін - 1 күн
  • 50-ден астам маршрутты тасымалдауға өтінімге қызмет көрсету аясында тарифтік жағдайларды есептеу үшін - 2 күн
  • сағат 16.00-ге дейін алдын ала төлеммен келіп түскен тасымалдауға қатысты өтінімдерді өңдеу үшін (алдын ала төленген ақылы жеделхаттарды беру) - 1 жұмыс күні
  • 16.00-ден кейін алдын ала төлеммен келіп түскен тасымалдауға қатысты өтінімдерді өңдеу үшін (рұқсат етілген ақылы жеделхаттарды беру) - келесі 1 жұмыс күні
  • рұқсат етілген жеделхат берілген сәттен бастап тасымалдауға арналған вагондарды жеткізу - 5 жұмыс күні
  • шот-фактураларды, орындалған қызметтер туралы анықтаманы, вагондардың нөмірін және орындалған рейстердің тізімін (есепті айдың соңында) беру - 10 күнтізбелік күн
  • кіріс қоңырауларды өңдеу, соның ішінде өткізіп алған - сол жұмыс күні
КTT тарифтерін қалай білуге болады?

1. «Қазтеміртранс» АҚ тиесілі әмбебап вагондарда (жабық вагондар, жартылай вагондар, әмбебап платформалар, астық, цемент таситын вагондар) ішкі және экспорттық бағытта жүктерді тасымалдаудың тарифтік мөлшерлемелерін ;

- https://cabinet.kaztt.kz жеке кабинет арқылы «Тарифті есептеуге арналған өтінімде», «Тарифтік калькулатор» бөлімінде ала аласыз,

- tarif@kaztt.kz электрондық поштасына сұрау жібереу арқылы. (кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсетіңіз).

2. Республикааралық қатынасында, Достық және Алтынкөл шекаралық станциялары арқылы халықаралық тасымалдарда (импорт, транзит) жүктерді тасымалдау кезінде оператор тарифінің құны Прейскурантпен белгіленеді (веб-сайтта орналастырылған).

Сонымен қатар, сіз RAILTarif бағдарламасында «Қазтеміртранс» АҚ вагонының иесін таңдау арқылы немесе «Қазтеміртранс» АҚ аймақтық филиалына келесі байланыс арқылы есептеуге болады.

3. Импорттық және транзиттік қатынасы бойынша жүктерді тасымалдауға байланысты қызметтерді көрсету басқа аумақтардағы «Қазтеміртранс» АҚ агенттері арқылы жүзеге асырылады (байланыс тізімін веб-сайттан алуға болады).

4. tarif@kaztt.kz мекен-жайы бойынша сағат 09–00-ден 18–30-ге дейін келіп түскен барлық өтініштер ағымдағы жұмыс күні ішінде тіркеледі.

Ставкаларды есептеу мерзімі клиенттерге қызмет көрсету стандарттарына сәйкес сұрау түскен күннен бастап 1-ден 2 күнге дейін.

Достық/Алтынкөл стансаларында вагондарды ұсыну шарттары бойынша ақпаратты қалай анықтауға болады?

Сіз келісімшарттар жасасу тәртібімен, келісімшарттардың стандартты нұсқаларымен біздің www.qaztt.kz веб-сайтындағы вагон операторының қызмет көрсету бөлімінде немесе келесі телефондар арқылы таныса аласыз:

+7(771)-083-92-36

сондай-ақ "Қазтеміртранс" АҚ Алматылық филиалдың телефоны бойынша (қоса беріледі)

+7 (727) 296 41 34

Канцелярияның телефон нөмірлері және электрондық поштасы қандай?

+7 (771) 083-22-83

+7 (771) 083-22-86

astana_ktt@kaztt.kz

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем схемасы қандай?

«Қазтеміртранс» АҚ 100% алдын ала төлемнен кейін қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Төлем қандай валютада жүргізіледі?

Резиденттер үшін теңгемен, резидент еместер үшін - АҚШ долларымен, рубльмен жүргізіледі

Өтінімнің «АБЖ ДКР-да келісуде тұр» деген мәртебесі нені білдіреді?

Бұл мәртебе, яғни «Қазтеміртранс» АҚ филиалы өтінімге келісті және өтінім «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ-қа келісуге жолданғанын білдіреді.

ГУ-12 өтінімін неге қабылдамадыңыз?

ГУ-12 өтінімі әлеуметтік маңызды тасымалдауларды қамтамасыз етуге және жылжымалы құрамның жетіспеуіне байланысты қабылданбады.

Экспорттық қатынастардағы жоспарды келісу тәртібі?

Келісу тәртібі төмендегідей:
«Қазтеміртранс» АҚ жоспарлау бөлімінде келісу, бұдан кейін «KTЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-тың жоспарлау бөлімінде келісу, жеткізілетін елде келісу (МЕСПЛАН)

«Қазтеміртранс» АҚ қандай жылжымалы құрамның түрлерімен операциялайды?

«Қазтеміртранс» АҚ-тың операцияланатын паркінде әмбебап вагондардың келесі түрлері бар: жартылай вагондар, әмбебап платформалар және жабық вагондар, астық таситын вагондар, цемент таситын вагондар.

Жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?

"Қазтеміртранс" АҚ жеке кабинетіне тіркелу https://qaztt.kz/ сайтында жүзеге асырылады

(АСУ ДКР-де тіркелген болу тиіс, тіркелу тәртібімен https://asudkros.railways.kz сайтынан таныса аласыз, байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 60-66-30)

Мөлшерлеменің қолданылу мерзімі?

Мөлшерлерменің қолданылу мерзімі коммерциялық ұсыныста көрсетіледі.

«Қазтеміртранс» АҚ арнайы транспортер вагондар бар ма?

«Қазтеміртранс» АҚ тиесілі арнайы транспортер вагондарда жүктерді тасымалдау тарифтерін алу үшін сіз tarif@kaztt.kz электрондық поштасына өтінім жібере аласыз (кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсетіңіз) немесе біріңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы

+7 (771) 933-30-33

+7 (7172)-93-03-00

Бірыңғай жеке шот ашуға өтінімді қайда жіберуім керек?

Бірыңғай дербес шотты (ЕЛС) ашу тәртібімен ҚТЖ ЖШС сайтында "клиенттер" бөлімінде таныса аласыз. https://ktzh-gp.kz / немесе олардың байланыс орталығына хабарласыңыз 8 (7172) 60-30-30

Жүкті қалай қайта бағыттауға болады?

Егер тараптардың келісімінде өзгеше нысан көзделмесе, жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жазбаша нысандағы өтініші бойынша.

Жүкті қайта бағыттау туралы өтінішті Сіз "Қазтеміртранс" АҚ кеңсесінің электрондық поштасына жібере аласыз astana_ktt@kaztt.kz

×